Алматыдан 141 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі Астана уақытымен 13:35-те жер сілкінісін тіркеді.
Жер асты дүмпуінің ошағы Қазақстанда, Алматыдан шығысқа қарай 141 шақырымда орналасқан.
«Жер сілкінісінің есептік қарқындылығы төмен болған — ол жер бетінде сезілген жоқ. Қирау, зардап шеккендер немесе өзге де салдарлар туралы ақпарат түскен жоқ», — делінген сейсмологтардың мәліметінде.
Соған қарамастан, мамандар өңірдегі жағдайды мұқият бақылауда ұстауды жалғастыруда. Қазақстан, әсіресе оның оңтүстік аймақтары, сейсмикалық белсенділігі жоғары аймаққа жатады. Сондықтан тіпті әлсіз жер дүмпулері де бақылауға алынады.
Еске салсақ, 16 шілде күні Астана уақытымен 06:27-де Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелген болатын.