Алматыда Майлин көшесінің бір бөлігі екі күнге жабылады
Жарияланды

Алматыда Майлин көшесінде екі түн жөндеу жұмыстары жүреді. Осыған байланысты көшеде көлік қозғалысы шектеледі.
- 19 шілде күні сағат 23:00-ден 20 шілде сағат 6:00-ге дейін қозғалыс Бұқтырма көшесінен бастап ВАЗ айналма жолына дейін жабылады.
- 20 шілде күні сағат 23:00-ден 21 шілде сағат 6:00-ге дейін қозғалыс ВАЗ айналма жолынан бастап Бұқтырма көшесіне дейін жабылады.

«Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым жетекшісінің байланыс деректері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз»,–делінген хабарламада.
Бұған дейін, құбыр ауыстыру жұмысына байланысты Клочков көшесінің бір бөлігінде қозғалыс жарты айға, ал Серкебаев көшесінде 3 күнге шектелетінін хабарлағанбыз.