Илон Маск балаларға арналған жасанды интеллект жасап шығарады

Жарияланды 20 Шілде 2025 12:38

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Миллиардер оны Baby Grok деп атады / ЖИ көмегімен дайындалған сурет
Миллиардер оны Baby Grok деп атады / ЖИ көмегімен дайындалған сурет

Әлемнің ең бай адамы Илон Маск балаларға ыңғайлы жасанды интеллект (ЖИ) жасап шығаратынын мәлімдеді. Бұл туралы миллиардер өзінің X әлеуметтік желісіне жазды.

«Біз балаларға ыңайлы Baby Grok қосымшасын жасауды қолға аламыз», – деп мәлімдеді ол.

Миллиардер бұдан басқа ештеңе жазған жоқ. Қосымшаның балаларға қандай көмегі тиетіні әзірге белгісіз. Оның нақты қашан жариялатыны туралы да ақпарат жоқ.

Маскқа тиесілі xAI компаниясы шілде айында Grok 4 чат-ботын іске қосқан. Бұған дейінгі нұсқасы бірнеше ай бұрын ғана жарияланған. Соған қарағанда, ЖИ дайындау жоғары қарқынмен жүріп жатқанға ұқсайды.

Bloomberg агенттігі аталған бот X әлеуметтік желісінде антисемитизм сипаты бар бірнеше жазба жариялағанына тоқталып өтті. Сол кезде Маск компаниясы қоғам сынына ұшыраған.

Сондай-ақ оқыңыз