Сотта Перизат Қайраттан жауап алынды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Перизат Қайрат сотта жауап берді/фото:instagram/01pk

Сотта Перизат Қайраттан жауап алынды. Ал анасы Ғайни Алашбаева құқығын пайдаланып, жауап беруден бас тартты. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыстық іс Астананың ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралып жатыр. 2025 жылдың 21 шілдесінде сот отырысы жабық форматта өтті.

Таңертең заттай дәлелдемелер зерттелген. Сондай-ақ тараптар бірқатар өтінішхат жариялады. Алайда олардың мазмұны жарияланбады.

Бұған дейінгі сот отырыстарында Қайраттың Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қорына түскен қаражатты ала дорбамен алып кетіп отырғаны айтылды.

Сондай-ақ оқыңыз