Сатыбалды Алматының бас дәрігерін тағайындады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Марат Пашимов Алматының бас дәрігері болды/фото: Алматы әкімдігі

Дархан Сатыбалды Алматының бас дәрігерін ауыстырды. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

2025 жылы 21 шілдеден бастап қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы қызметіне Марат Пашимов тағайындалды.

Марат Пашимов кім?

Марат Пашимов 1981 жылы 4 қазанда дүниеге келген. Медицина ғылымдарының кандидаты.

Денсаулық сақтау саласында 2003 жылдан бері еңбек етеді. Әр жылдары мейіргер, анестезиолог-дәрігер болып жұмыс істеген.

Сондай-ақ реанимация және телемедицина бөлімшесінің меңгерушісі, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар мен төтенше жағдайлар жөніндегі бас дәрігердің орынбасары қызметтерін атқарған. Қалалық емхананы, облыстық клиникалық аурухананы, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын басқарған.

2023 жылдан бастап Алматы қаласындағы «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Айта кетейік, 11 шілдеде Асия Ақанова Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті.

Сондай-ақ оқыңыз