
Мұнай нарығы
Brent маркалы мұнай бағасы 67–69 доллар диапазонына дейін түсіп, сол жерде тұрақтады. Егер бұл қолдау деңгейі бұзылмаса, баға 76–78 доллар бағытында көтерілуі мүмкін. Алайда 67 доллар деңгейі бұзылса, құлдырау 57–59 доллар аралығына дейін жалғасуы ықтимал.
Алтын
Алтын жазғы боковикте қалып отыр:
- Қолдау — 3230–3250 доллар
- Қарсыласу — 3330–3350 доллар
- Қазіргі бағасы — 3348 доллар
Диапазоннан нақты шығу тамыздың ортасына қарай ғана күтіледі.
Биткоин бағасы
Биткоин апта бойы біршама тұрақты қозғалды. 0,6%-ға жуық өсуімен криптовалюта айтарлықтай серпіліс көрсетпесе де, теріс сценарийден аулақ болды. Бұл инвесторлардың тәуекелге деген талғамының әлі де сақталып отырғанын көрсетеді. Криптовалюта нарығында бұл апта біршама тыныш өтті. Биткоин 0,59% өсіммен 118 доллар 225,45 деңгейінде тұрақталып, айтарлықтай өзгеріссіз аяқтады. Бірақ криптовалюта нарығының басты жаңалығы — АҚШ Конгресіндегі заңнамалық бастамалар болды.
АҚШ Өкілдер палатасында криптоиндустрияға қатысты үш маңызды заң жобасына дауыс беру жоспарланған болатын:
- GENIUS – стейблкойндарды реттеу туралы заң жобасы
- CLARITY – криптовалюта нарығының құрылымын реттеу
- CBDC – цифрлық доллардың (орталық банктің цифрлық валютасы) заңдық негізін анықтау
Алайда 15 шілде күні 13 республикалық депутат бұл жоспарды бұғаттап тастады. Олар үш заң жобасы бойынша жеке-жеке дауыс берудің орнына, бәрін біріктіріп, бір пакетпен қабылдауды талап етті.

АҚШ нарығы
Апта қорытындысы бойынша АҚШ қор нарығында бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. S&P 500 индексі 6317 тармаққа дейін көтеріліп, жаңа тарихи максимум орнатты. Апта басында фьючерстер 1% өсім көрсетті. Бұл — инвесторлардың технологиялық сектор мен экономикалық көрсеткіштерге деген сенімінің айғағы.
Алайда нарық бір сәт дүрлігіп те үлгерді. АҚШ Конгресінің мүшесі Анна Паулина Луна Федералдық резерв жүйесінің төрағасы Джером Пауэллге қатысты отставка туралы мәлімдеме жасады. Оған ФРЖ ғимаратын жөндеуге бөлінген қаражатты тиімсіз пайдаланды деген айып тағылды. Бұл жаңалық нарыққа теріс әсер етіп, S&P 500 қысқа уақыт ішінде төмендеді. Алайда бір жарым сағаттан кейін Дональд Трамп бұл ақпаратты жоққа шығарып, Пауэлл қызметінде қалатынын мәлімдеді. Осыдан кейін нарық қайта орнына келді.
Ірі инвесторлар S&P 500 үшін 6350–6450 тармақ аралығындағы экстремалды межеге сеніп отыр. SPDR S&P 500 ETF Trust (SPY) қорына аптаның өзінде $242,9 млн қаржы құйылғаны осыны дәлелдейді. Индекс 6250 деңгейінен жоғары қалып, өсу үшін барлық техникалық мүмкіндіктерге ие болды.
Теңге бағамы (USD/KZT)
Апта бойы теңге әлсіреді:
- 14.07 – 524.45 теңге
- 18.07 – 532.35 теңге
Апталық әлсіреу: +1,59%
Бұл жаңа анти-рекорд ретінде белгіленді.
Қазақстан қор нарығы
Апта бойында KASE индексі біршама оң динамика көрсетті. 6 261,76 тармаққа жетіп, +0,82% өсім тіркелді. Индекс осы аптада тарихи максимумға жетті.
· Kaspi.kz (+4,00%) және Air Astana (+4,09%) — аптаның ең көп өскен акциялары.
· Freedom (+1,17%) және Kazatomprom (+0,87%) де өсім көрсетті.
· Kcell, KEGOC, ҚазТрансОйл сәл төмендеді.
Қытай:
- Hang Seng – 24 825,66 (+3,30%)
➤ Бейжіңнің экономиканы ынталандыру шаралары мен салықтық жеңілдіктері нарықты қолдады. - Shanghai Composite – 3 534,48 (+0,66%)
➤ Ішкі тұтыну мен экспорттағы тұрақтылық индекс өсіміне үлес қосты.
Ресей:
- МосБиржа (MOEX) – 2 784,63 (+2,93%)
➤ Энергетикалық сектор мен банк акциялары айтарлықтай өсті.
Ұлыбритания:
- FTSE 100 – 8 992,12 (+0,18%)
➤ Қаржы секторы әлсіз болғанымен, тау-кен компаниялары мен фармацевтика FTSE-ді ұстап тұр.
Нарықтар алдағы апталарда ФРЖ-ның пайыздық саясатымен, инфляция көрсеткіштерімен және компаниялардың қаржылық есептерімен айқындала түседі.