Бағанашылдағы балалар үйі көшірілмейтін болды – Тоқаев әкімге тапсырма берді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бағанашылдағы балалар үйі көшірілмейтін болды / фото: архив kursiv.media

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаев қаласына көшіру мәселесімен танысып, нақты тапсырмалар берді.

Президент Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға балалардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін мекемені қаланың балансына алып, ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізетін болады. Тоқаев ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың барлық заңды құқығы толығымен сақталуы тиіс екенін қатаң ескертті.

Еске салайық, бұған дейін балалардың Қонаев маңындағы Заречный ауылына көшірілуі жоспарланған еді. 21 шілде күні полиция балаларды күшпен алып кетпек болды. Бұл шешім қоғамда үлкен наразылық туғызып, құқық қорғаушылар мен белсенділердің, сонымен қатар қоғам мүшелерінің қызу талқысына түскен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз