Франция X әлеуметтік желісіне қарсы тергеу бастады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: ашық дереккөзден

Франция билігі Илон Маскке тиесілі X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіне қатысты қылмыстық тергеу бастады. Париж үкіметі желі басшылығын алгоритмді манипуляциялады және деректерді заңсыз жинады деп айыптап отыр.

Өз кезегінде X компаниясы бұл айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарып, «саяси астары бар» деп бағалады.

«Компания өзіне тағылған нақты айыптар туралы әлі күнге дейін хабарсыз. Қолда бар ақпаратқа сүйене отырып, X бұл тергеу француз заңнамасын бұрмалап, саяси күн тәртібіне қызмет етеді әрі сөз бостандығын шектеуге бағытталған деп есептейді», – деп мәлімдеді әлеуметтік желі.

Компания бұл сарапшылардың қатарында X желісінен жаппай бас тартуға үндейтін Escape X науқанының бастамашысы Давид Шаваларья бар екенін атап өтті. Оның тергеуге қатысуы тергеудің бейтараптығы мен дұрыстығына күмән тудырады дейді X басшылығы.

X әлеуметтік желісі (бұрынғы Twitter) миллиардер Илон Маскке тиесілі. Ол Twitter-ді 2022 жылы қазан айында шамамен 44 млрд долларға сатып алған. 2023 жылы платформа атауын Twitter-ден X-ке өзгертіп, логотипін де құс бейнесінен «X» әрпіне ауыстырды.

Былтыр әлеуметтік желіні Бразилия өз аумағында бір айға бұғаттап тастаған еді. Жоғары сот Масктің компаниясы ел заңдарын бұзды деп есептеп, 5 млн доллар көлемінде айыппұл салған.

Сондай-ақ оқыңыз