ОПЕК басшысы Астанаға келеді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
REUTERS/Leonardo Fernandez Viloria

ОПЕК ұйымының бас хатшысы Хайтам әл-Гайс Астанаға келеді. Ол 2-4 қазанда аралығында Kazakhstan Energy Week–2025 атты Еуразиялық форумына қатысатынын растады. Бұл жайлы форум ұйымдастырушылары хабарлады.

«Мен осы беделді іс-шараға өз үлесімді қосып, пленарлық сессияға қатысатыныма қуаныштымын», – деп атап өтті Хайтам әл-Гайс.

Аталған форумға әлемдік көшбасшылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жаһандық және өңірлік энергетикалық компаниялардың басшылары дәстүрлі түрде бас қосады. Олар саланың негізгі трендтерін, сын-қатерлері мен перспективаларын талқылайды.

ОПЕК басшысы қандай тұлға?

Хайтам әл-Гайс ОПЕК-тің бас хатшысы бұл лауазымға 2022 жылдың бірінші тамызында келген. Халықаралық мұнай және газ саласында 30 жылдық тәжірибесі бар.

Кувейтте, Бейжің және Лондондағы мұнай саласындағы компанияларда жетекші қызметте болды.

2018–2019 жылдары ол ОПЕК құрамына кірмейтін мұнай өндіруші елдермен ынтымақтастық хартиясын жетілдіру және оған қол қою жұмыстарына қатысқан Кувейт командасын басқарды.

2021 жылы ол Кувейт ұлттық мұнай компаниясы (КРС) халықаралық маркетинг жөніндегі басқарушы директорының орынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметте ол KPC-нің халықаралық маркетинг жоспарлары үшін жаһандық нарықтың даму перспективаларын әзірлеуге және компанияның ұзақмерзімді стратегиялық жоспарларын жасауға жауапты болды.

Бұған дейін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ОПЕК Бас хатшысы мәртебелі Хайтам әл-Гайспен кездескен. Сол кезде Қазақстан ОПЕК алдындағы келісіміне адал боламыз деп уәде берген еді.

Сондай-ақ оқыңыз