БЦК мемлекеттен алған көмек қаржысын жыл соңына дейін қайтаруы мүмкін

Банк ЦентрКредит (БЦК) 2017 жылдары мемлекеттен алған қаржы көмегін мерзімінен бұрын қайтаруға ниетті. Бұл туралы банк акционеріне сілтеме жасай отырып «Ручная экономика» арнасы хабарлайды.
Банк акционері Бақытбек Байсейітов:
«Біз мемлекеттік қаражатты 2026 жылға дейін толықтай қайтаруды жоспарлап отырмыз», – деп мәлімдеген.
Бұл шешім президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қаңтар айындағы үндеуінен кейін қабылданған көрінеді. Президент сол кезде мемлекет қиын кезде банктерге көмек қолын созғанын, енді соын қайтараны кез жеткенін айтқан.
2017 жылы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағдарламасы аясында мемлекет бұл банкке 60 млрд теңге бөлген. Қаражат жылына 4%-бен беріліп, қайтару мерзімі 2032 жылға дейін белгіленген. Бұл- банктер үшін өте тиімді шарт, себебі олар арзан қаржыны алып, жоғары табысты құралдарға орналастыру арқылы айтарлықтай пайда тапты.
БЦК мемлекет алдындағы міндеттемесін мерзімінен бұрын өтеуді былтыр бастап кетті. 2024 жылдың соңында 20 млрд теңге қайтарса, 2025 жылы тағы 10 млрд теңге аударған. Қазіргі таңда банк мемлекетке 30 млрд теңге қарыз.
Қазіргі таңда БЦК актив көлемі бойынша елдегі үштікке кіретін қаржы ұйымы. Оның активтері 7 трлн теңгеге жетті. Былтыр банк 200 млрд теңгеге жуық таза пайда тапқан.
2025 жылдың 1 сәуірдегі дерек бойынша, банк жай акцияларының 51,76 пайызы Бақытбек Байсейітовке тиесілі. Ал Владислав Ли 11,92 пайызын иеленсе, қанлағын иеле инвесторлардың қолында.