Жаңалықтар

Перизат Қайраттың анасы 8 жылға сотталуы мүмкін

Ғайни Алашбаева мен Перизат Қайрат соты жалғасып жатыр/фото: Instagram/01pk

Прокурор Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваны 8 жылға соттауды сұрады. Ал Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Прокурор соттан Ғайни Алашбаеваны «Алаяқтық» бабына сәйкес қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

«Аса ірі көлемде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру» бабы бойынша да кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасын тағайындауды ұсынды.

Жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті жаза ретінде 8 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Жазаны қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге үкім шығаруды сұрады.

Сотталушыларға Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша айып тағылған:

  • 190-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы – «Аса ірі көлемдегі алаяқтық»;
  • 218-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы – «Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)»;
  • 218-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы – «Аса ірі мөлшерде адамдар тобы жасаған қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)».

Айта кетейік, Перизат Қайраттан 2025 жылдың 21 шілдесінде жауап алынды. Сот отырысы жабық форматта өтті. Ал екінші сотталушы Ғайни Алашбаева құқығын пайдаланып, жауап беруден бас тартқан.