«Қыдыру және тіс емдету»: Перизат Қайраттың анасы ақшаны қайда жұмсауды жоспарлаған
Жарияланды

Перизат Қайрат ісіндегі прокурор сотталушы Ғайни Алашбаеваның телефонындағы жазбаларды оқыды. Ол жерде әйел ақшаны қайда жұмсайтынын жазған.
37 млн теңге – көлік
5 млн теңге – тіс емдеу
10 млн теңге – Түркияға барып емделіп келу
3 млн теңге – БАД алып ішу
10 млн теңге – қыдыру
3 млн теңге – фэншуй
1 млн теңге – бадзы оқу
2 млн теңге – офлайн қыдыру
3 млн теңге – киім алу
3 млн теңге – ақ алтыннан бриллиант білезік.
Айта кетейік, бұған дейін прокурор Ғайни Алашбаеваны 8 жылға, Перизат Қайратты 10 жылға соттауды сұрады.