Перизат Қайрат қандай мүлкінен айырылуы мүмкін

Жарыссөз барысында прокурор Арман Казекен Перизат Кайрат пен анасы Ғайни Алашбаева кінәлі деп танылса, қандай мүлкінен айырылуы мүмкін екенін жариялады.
- Mercedes-Benz S450 автокөлігі,
- Lexus LX-600 автокөлігі,
- Haval автокөлігі,
- Mercedes-Benz 500 автокөлігі.
Тізімде коттедж қалашығындағы жеке тұрғын үй, 4 пәтер, тұрақтағы орындар бар.
Қанша ақша тәркіленеді?
- Маңғыстау облысындағы сақтау камерасындағы 8 млн теңге;
- Ақтөбе облысындағы сақтау камерасындағы 3,5 млн теңге;
- Перизат Кайраттың Forte Bank шотындағы 116 972 теңгесі;
- Kaspi Bank шотындағы 49 068 теңгесі;
Қор және гүл дүкені шотындағы қаражат
- «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорының «ЦентрКредит» банкі шотындағы 20 млн теңге;
- «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорының Forte Bank банкі шотындағы 20 мың АҚШ доллар;
- «Biz Birgemiz Qazaqstan» қорының Forte Bank-тегі шотындағы 24 666 теңге;
- «Biz Birgemiz Qazaqstan» қорының Forte Bank-тегі шотындағы 1,7 млн теңге;
- Rebel Flowers дүкенінің Kaspi Bank шотындағы 3,4 млн теңге;
- Rebel Flowers дүкенінің «ЦентрКредит» шотындағы 2 млн 303 мың теңге;
- Rebel Flowers компаниясындағы 100% үлес;
Тінті кезінде табылған ақша
- Пәтерде тінту барысында алынған 1,6 млн теңге;
- Тінту барысында алынған 6 мың қытай юані;
- Тінту барысында алынған 200 млн АҚШ доллары;
- Тінту барысында алынған 195 дирхам.
Сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған заттай айғақтарды – зергерлік бұйымдар, сөмкелер, аяқ киім мен киімді тәркілеу ұсынылған.
10 жылға соттауды сұрады
2025 жылдың 22 шілдесінде Перизат Қайрат ісінде жарыссөз басталды. Прокурор сотталушы Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
«ҚР ҚК 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу жолымен түпкілікті жаза ретінде 10 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу және 10 жылға дейін қайырымдылық мақсатында қаржы тартумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын», – деді прокурор Арман Казекен.