Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу пункті бір жарым жылға жабылады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу пункті бір жарым жылға жабылады/Фото: shutterstock

«ҚазАвтоЖол» Қазақстан мен Ресей шекарасындағы «Сырым» автомобиль өткізу пунктінде қайта жаңғырту жұмыстары басталғанын хабарлады.

Жаңғырту жұмыстары бір жарым жылға созылып, 2025 жылғы 4 тамыздан 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін өткізу пункті арқылы жеңіл және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылмақ.

Ал жүк көліктері үшін шекарадан өту электрондық кезек жүйесі арқылы жүзеге асырылмақ. Күнделікті өткізу қабілеттілігі 200-250 автокөлікті құрайды.

Мемлекеттік шекараны өтуге арналған баламалы өткізу пункттері:

1) «Шаған» (ҚР) / «Тёплое» (РФ) – екіжақты, Қазақстан және Ресей азаматтарына арналған. KZ07-01 Орал – РФ шекарасы (Шаған өткізу пункті) автомобиль жолының 33 шақырымында орналасқан;

2) «Ақсай» (ҚР) / «Илек» (РФ) – халықаралық өткізу пункті. KZ07-04 Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы (Ақсай өткізу пункті) автомобиль жолының 144 шақырымында орналасқан;

3) «Тасқала» (ҚР) / «Озинки» (РФ) – халықаралық өткізу пункті. KZ07-06 Орал – Тасқала – РФ шекарасы (Тасқала өткізу пункті) автомобиль жолының 104 шақырымында орналасқан.

Бұған дейін, «ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында заманауи ролик қоршаулар орнатуды қолға алғанын хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз