Жаңалықтар

Алматыдағы Жамбыл көшесінің бір бөлігі жаздың соңына дейін жабылады

Алматыдағы Жамбыл көшесінің бір бөлігі жаздың соңына дейін жабылады
Алматыдағы Жамбыл көшесінің бір бөлігі жаздың соңына дейін жабылады/Фото: shutterstock

24 шілдеден 31 тамызға дейін Алмалы ауданында Жамбыл көшесінің Мұқанов көшесінен Мұратбаев көшесіне дейінгі аралығында автокөлік қозғалысы жабылады.

Бұл шектеу жылыту маусымына дайындық аясында 1977 жылы пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 760 метр болатын жылу желілері ауыстыруға байланысты болмақ.

Қайта жаңғырту кезеңінде тұрғындарға ыстық су беру тоқтатылмайтыны хабарланды.

«Аталған жылу желісі 5 көпқабатты тұрғын үйді, 7 жеке тұрғын үйді және тағы 4 өзге нысанды жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жалпы, биыл қала бойынша 39 шақырым жылу желісін жаңғырту жоспарланған. Бұл желілердің тозу деңгейін 54%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді», – дейді әкімдіктегілер.

Бұған дейін, Клочков көшесінің бір бөлігінде қозғалыс жарты айға шектелетінін жазғанбыз.