Қазақстанда алтын өндіретін компания Нидерланды банкінен ірі қарыз алмақ

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
  Solidcore
Фото: solidcore-resources.com

Қазақстандағы алтын өндіруші Solidcore компаниясы Нидерландының ING банкінен 100 млн доллар қарыз алмақ. Компания бұл ақшаны биыл төленуі тиіс кредит жабуға жұмсайді. Қос тарап несие желісін ашу туралы келісімге келген,

Компания қаржы директоры Евгения Онущенконың айтуынша, бұл келісім – Solidcore-дың халықаралық қаржыландыру тартудағы тәжірибесінің жалғасы және шетелдік әріптестердің компания стратегиясына деген сенімін көрсетеді.

Бұл Solidcore үшін еуропалық нарықтан қаржы тарту тұрғысынан маңызды келісім. Бұған дейін компания Еуропадан қаржы тарту кезінел Ресейге салынған санкцияларға байланысты қиындықтарға тап болған.

2024 жылдың жазында Solidcore басшысы Виталий Несис Société Générale мен Raiffeisen банктері компаниямен жұмысын қарыз өтелген соң тоқтататынын айтқан еді. Сол себепті компания 2025 жылдың ақпанында Еуразиялық даму банкінен (ЕАБР) $100 млн көлемінде жаңартылатын несие алған.

2023 жылдың тамызында Solidcore өзінің тіркеу юрисдикциясын Джерсиден Қазақстандағы Астана халықаралық қаржы орталығына (АХҚО) ауыстырды. Осыдан кейін компания Ресейдегі активтерін $3,69 млрд-қа сатып, елдегі бизнесінен толықтай шықты.

2024 жылдың соңында Solidcore-дың таза ақша балансы $374 млн құрады. Бұл 2023 жылдың соңындағы $174 млн таза қарызбен салыстырғанда біршама жоғары.

Қазіргі таңда Solidcore Қазақстандағы алтын өндірісі бойынша екінші орында тұр. Ең ірі акционері – Оман үкіметіне тиесілі Mercury Investments International басқаруындағы омандық инвесторлар консорциумы (29,7% акцияға ие).

Компания 2025 жылы 470 мың унция алтын өндірмек, бұл 2024 жылғы 490 мың унциямен салыстырғанда сәл төмен. Мұндай өзгеріс Кызыл және Варваринское кен орындарындағы жоспарлы төмен өнімділікпен байланысты.

Сондай-ақ оқыңыз