Бұрынғы әскери қызметкер Қорғаныс министрлігін сотқа берді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
министерство обороны РК
Әскери қызметкер Қорғаныс министрлігін сотқа берді / фото: gov.kz

ҚР Қорғаныс министрлігінің бұрынғы әскери қызметкері Астанадағы екінші пәтерін жекешелендіруге рұқсат алу үшін сотқа арызданды. Бұл туралы Астана қалалық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Соттың мәліметінше, азамат 1994 жылдан 2006 жылға дейін әскери қызметте болған, ал 2023 жылдан бері Қорғаныс министрлігінің зейнеткері саналады. 1999 жылы қызметтік қажеттілікке байланысты Астанаға ауыстырылып, 2004 жылы оған қызметтік пәтер берілген. 2006 жылы бұл тұрғын үй бойынша жалдау шарты рәсімделген. Сол жылдың 4 қазанында денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған. Күнтізбелік есеппен жалпы еңбек өтілі 26 жыл 3 айды құрайды.

2023 жылы бұрынғы әскери қызметкер аталған пәтерді қалдық құны бойынша жекешелендіруге өтініш білдірген. Алайда оған 2001 жылы Алматыда пәтерді жекешелендіргені себепті бас тартылған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, азаматтарға қызметтік тұрғын үйді тек бір рет жекешелендіруге рұқсат етіледі.

Жалдамалы пәтерді жекешелендіруге рұқсат бермеген ведомстволық комиссияның шешімімен келіспеген азамат сотқа шағым түсірді. Ол бұл шешімді заңсыз деп тануды және Астанадағы пәтерді жекешелендіруге рұқсат беруді талап етті.

Сот бұрынғы әскери қызметкердің Алматыдағы пәтерінің пайдалы алаңын, сондай-ақ қызмет бабымен қоныс аударған азаматтардың тұрғын үй құқығын реттейтін заңнамаларды зерделей келе, талапкердің Астанадағы пәтерді қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқығы бар деген шешім шығарды.

Аталған сот шешімі заңды күшіне енді.

Еске сала кетейік, бұған дейін жастарды әскерге шақыру тәртібі өзгеретіні туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз