«Байдың баласы» голливудтық блокбастерлерден озып, аптаның ең табысты фильмі атанды

Жарияланды 22 Шілде 2025 11:34

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
«Байдың баласы» голливудтық блокбастерлерден озды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Шілденің үшінші аптасында қазақстандық «Байдың баласы» фильмі елдегі прокат көшін бастап, голливудтық туындыларды артта қалдырды. Ticketon мәліметінше, 17 шілдеде жарық көрген отандық комедия небәрі бірнеше күн ішінде 183 971 436 теңге табыс жинады.

Қалған фильмдер:

  • «F1» фильмі – 147 335 643 теңге
  • «Мир юрского периода» – 99 752 458 теңге
  • «Супермен» – 85 435 142 теңге

«Байдың баласы»

Фильмнің режиссері – Аблусаид Шайхисламұлы. Басты рөлдерде Ислам Бермағанбет, Ақболат Өтебай және Динара Мирасбек ойнайды. Жанры – отбасылық комедия, ұзақтығы – 1 сағат 20 минут, жас шектеуі – 6+.

«Байдың баласы» – күлкі мен көз жас қатар өрілетін, отбасылық фильм. Балаларға да, ата-аналарға да ұғынықты әрі тәрбиелік мәні зор. Көрермендер басты кейіпкер Арманның оқиғасы арқылы өз өміріне басқа қырынан қарауға мүмкіндік алады.

Бұл туындының коммерциялық жетістігі қазақстандық киноиндустрияның дамып келе жатқанын тағы бір дәлелдеді. Елде шынайы әрі сапалы отбасылық киноға сұраныс жоғары екенін көрсетіп отыр.

Еске сала кетейік, алдыңғы апталарда әйгілі Формула 1 автокөліктер жарысы туралы F1 фильмі көш басынан түспей келе жатқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз