Париждегі әйгілі Нотр-Дам-де-Пари соборын енді онлайн аралауға болады

Жарияланды 22 Шілде 2025 16:50

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Нотр-Дам-де-Пари соборын енді онлайн аралауға болады / фото: ашық дереккөз

Microsoft компаниясы Франция үкіметімен бірлесіп, Нотр-Дам-де-Пари соборының цифрлық үлгісін әзірлеп жатыр. Бұл жоба әлемнің кез келген нүктесінен әйгілі готикалық ескерткішті тамашалауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Reuters.

862 жылдық тарихы бар Париж Құдай Анасының соборы 2019 жылғы жойқын өрттен кейін қалпына келтіріліп жатыр. Жаңа цифрлық нұсқа виртуалды тур ретінде ғана емес, сонымен қатар сәулеттік мұрағат қызметін де атқарады.

Microsoft президенті Брэд Смит бұл бастаманың мәдени мұраларды ғасырлар бойы сақтау үшін маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, цифрлық көшірмелер келешек ұрпаққа тарихи ескерткіштерді зерттеуге және түсінуге көмектеседі.

Компания бұған дейін де Әулие Петр базиликасының цифрлық үлгісін жасауға қатысып, 2019 жылдан бері мәдени мұра нысандарын сақтау бойынша белсенді жұмыс істеп келеді.

Цифрлық Нотр-Дам — тарих пен заманауи технология тоғысқан ерекше жоба. Парижге бара алмайтын миллиондаған адамға әлемдік сәулет өнерінің жауһарын көруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз