Шетелдіктер Қазақстанға келмей-ақ АХҚО-да бизнесін тіркей алады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Шетелдіктер Қазақстанға келмей-ақ, Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) юрисдикциясында бизнесін тіркей алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазан айынан бастап бұл функция QazETA атты мобильді қосымшада орналастырылады. Ол Қазақстандағы шетелдіктерге арналған және олардың түрлі қызметті онлайн алуына мүмкіндік береді.

QazETA қосымшасы арқылы шетелдіктер мына қызметтерді пайдалана алады:

  • Көші-қон қызметтері: виза рәсімдеу, тұратын жері бойынша тіркелу;
  • Туризм: көрікті жерлер туралы ақпарат, турлар, қонақүй брондау, билет сатып алу;
  • Байланыс және көлік: SIM-карта сатып алу, автокөлік немесе такси жалдау, қоғамдық көлік туралы ақпарат;
  • Бизнес және инвестициялар: Astana Hub, АХҚО және B2B қызметтері туралы ақпарат;
  • Қауіпсіздік: жедел байланыс нөмірлері мен медицина қызметтері туралы мәліметтер.

Министр Мәдиевтің айтуынша, 2025 жылғы 15 шілдеде QazETA қосымшасы Playmarket платформасына орналастырылды. AppStore-дағы нұсқасы шілде айының соңына дейін шығарылады.

Қазанда қосымшада үш жаңа қызмет іске қосылады:

  • ETA (Electronic Travel Authorization) – визасыз елдердің азаматтарына Қазақстанға кіруге онлайн рұқсат алу;
  • E-residency – шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ АХҚО юрисдикциясында бизнес тіркеуге мүмкіндік береді.
  • E-residency қызметі Эстония мен Сейшел елдерінің тәжірибесіне негізделген. Қазіргі уақытта бұл жүйені іске қосу үшін заңнама реттеліп жатыр.

Бұған дейін министр Қазақстанға көшетіндерге де құжат рәсімдеу жеңілдей түсетінін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз