Бірінші кредиттік бюро басшысының ұсталуына қатысты пікір білдірді

«Бірінші кредиттік бюро» (БКБ) мекемесі Еңбек ресурстары дамыту орталығымен (ЕРДО) серіктестікте болған. Сондай-ақ бұл әрекетті «заңды, заңнамаға сай» деп сипаттайды. Бұл жайлы ұйымның Kursiv Media басылымына берген жауабында жазылған.
БКБ өкілдері бюро мен ЕРДО арасында расында да ынтымақтастық бар екенін растады. Орталық БКБ-ға несиелік тарихтарды толықтыру үшін ақпарат берген. Бұл әрекеттер жеке деректерді қорғау талаптарына және заңнамаға сай жүргізілетіні айтылды.
Ұйымның айтуынша, ЕРДО-ның Мемлекеттік несие бюросымен де осындай келісімдері бар.
«Несиелік тарихты мемлекеттік дереккөздерден алынған қосымша ақпаратпен байыту тәжірибесі нарықта бұрыннан бар және жаңалық емес. Бұл қарыз алушының төлем қабілеттілігін дәлірек бағалауға мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде кредит берушіге тәуекелді азайтып, несиелік шешімді негізді қабылдауға жағдай жасайды», – деді БКБ өкілдері.
Еске салайық, 3 шілдеде БКБ басшысы Руслан Омаров қамауға алынды. Ол өз мүддесін алға жылжыту үшін ірі көлемде пара берген деген күдік бар.
Омаров 75 мың доллар беріп жатқан кезде ұсталды. Онымен бірге Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басшысы Ақмәди Сарбасов пен осы орталықтың бұрынғы басшысы, бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Даулет Арғандыков та қамауға алынды.
БКБ мәліметінше, қазір Омаровқа қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Басқа ресми ақпарат жоқ.