Илон Маск Лос-Анджелесте футуристік Tesla Diner дәмханасын ашты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: foxbusiness.com

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Маск ерекше жобасын жүзеге асырды. Tesla Diner атты алғашқы футуристік дәмхана есігін ашты.

Tesla Diner — тек кәдімгі дәмхана емес. Ол 1950-жылдар стиліндегі футуристік интерьерде безендірілген. Optimus атты гуманоид робот попкорн таратады. Тағамдар мини-кибертрактарда ұсынылады, ал мейрамхана тұрағында Tesla Supercharger V4 қуаттау станциялары бар.

Дәмханадағы тағамдар ұсынған бокс / Фото: Tesla.com

Ең басты ерекшелігі – ғимараттың айналасына орнатылған екі үлкен LED экран, олар автокинотеатр қызметін атқарады.

Илон Масктің айтуынша, Tesla автокөліктерінің аудиожүйесімен киноның дыбысы синхрондалып, жүргізушілер мен жолаушылар көліктен шықпай-ақ кино тамашалай алады. Сонымен қатар Tesla көлігінің дисплейі арқылы тамаққа тапсырыс беріп, оны тікелей көлікке дейін жеткізуге болады.

Қазіргі таңда бұл пилоттық жоба. Егер сұраныс жоғары болса, Маск өзге ірі қалаларда және Supercharger станциялары бар жерлерде осындай дәмханалар желісін ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Starbase ғарыш айлағында да қоғамдық дәмхана ашу жоспары бар.

Жақында Илон Маск балаларға арналған жасанды интеллект жасап шығаратынын мәлімдеген. Әзірге оның Baby Grok деп аталатынын ғана білеміз, басқа ақпарат таратқан жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз