Таиланд инвесторлар үшін «Алтын виза» енгізуі мүмкін

Таиланд 1 млн доллар көлеміндегі инвестиция үшін «алтын виза» енгізуі мүмкін. Таиландтың бұрынғы премьер-министрі Таксин Чинават экономикалық өсімді ынталандыру мақсатында «Алтын виза» бағдарламасын енгізуді ұсынды.
Бұл бастама – әрқайсысы 1 млн доллар құйып, тұрақты резидент мәртебесін алғысы келетін 600 мың ауқатты шетелдік инвесторды тартуға бағытталған. Мұндай шетелдік капитал ағымы елдегі жылжымайтын мүлік секторының дамуына, білім беру бастамаларын қаржыландыруға сеп болмақ, сондай-ақ мемлекеттік қарызды азайтып, ішкі тұтынуды арттыруға мүмкіндік береді.
Bangkok Post дерегінше, «Алтын виза» бағдарламасы Таиланд экономикасына жалпы көлемі 500 млрд долларға дейін табыс әкелуі мүмкін.
Соңғы жылдары Таиланд экономикасы баяулағаны байқалды. Соңғы онжылдықта орташа өсім 2%-дан төмен деңгейде тіркелген. Сонымен қатар, Таиландтың ең ірі экспорттық нарығы – АҚШ тарапынан 36%-дық кедендік тарифтің енгізілу қаупі жағдайды одан әрі қиындатып отыр.