Жаңалықтар

Бірнеше өңірде 43 градусқа дейін ыстық болады

Қазақстанда шілде айында күн ыстық болып жатыр / фото: shutterstock
Қазақстанда шілде айында күн ыстық болып жатыр / фото: shutterstock

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанның бірнеше өңірінде 43 градусқа дейін ыстық болатынын, өрт қаупі жоғары екенін ескертті.

22-25 шілде аралығында Маңғыстау облысында +35+40°С, облыстың оңтүстігінде +43°С ыстық болады. Өрт шығу қаупі жоғары.

22-28 шілде аралығында Алматы облысында ауа температурасы күндіз +37+42°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылайды. Өрт шығуы мүмкін.

22-28 шілде аралығында Жетісу облысында ауа температурасы +37+42°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылайды. Өрт шығу қаупі жоғары.

22-28 шілде аралығында Түркістан облысында +36+41°С қатты ыстық сақталады. Өрт шығуы мүмкін.

23-25 шілде аралығында Қызылорда облысында +36+41°С қатты ыстық болады. Өрт шығу қаупі жоғары.

22-25 шілде аралығында Ұлытау облысында ауа температурасы күндіз +34+39°С, облыстың оңтүстігінде +41°С дейін ыстық болады. Өрт шығуы мүмкін.

Қазақстанда шілде айы қатты ыстық болып жатыр. Республиканың бірнеше өңірінде ауа температурасы 40 градустан түспей тұр. Соған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі күнде өрт шығу қаупін ескертіп отыр.

Бұған дейін Kursiv.Media аптап ыстықтың адам ағзасына әсері, күн өткенде не істеу керектігі туралы материал жариялаған.