
Сейсенбі, 22 шілдеде, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы бірден 2,52 теңгеге арзандады. Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, қазір 1 доллар 531,96 теңге тұрады. Крипто нарығы айтарлықтай тыныш.
Әлем нарығында АҚШ долларының индексі қайта көтерілді. Оның үстіне Brent маркалы мұнай арзандап жатыр – 66,95 доллар. Осының бәрі ұлттық валютаның бағамына әсер етпей қоймайды.
Кеше ғана 4 теңгеге нығайған ұлттық валюта бүгін қайтадан құнын жоғалтты. Валюта айырбастау мекемелерінде де доллар бағасы әжептәуір көтерілді. Алматы қаласындағы пункттерде 1 доллар 533 теңгеден қабылданып, 534,5 теңгеден сатылып жатыр. Астанада, әдеттегідей, доллар сәл қымбатырақ – 529 және 537 теңге.
Крипто нарығы
Шілденің ортасындағы раллиден кейін Bitcoin (BTC) бағамы біршама тұрақтанды. 22 шілдеде BTC шамамен 118,7 мың доллардан саудаланып жатыр.
Биткоин капиталы да – 2 трлн 362 млрд 354 млн доллар.
Кеше ғана қатты көтерілген Эфириум бүгін құнын жоғалта бастады. Ethereum (ETH) қазір шамамен 3 684 доллар тұрады. ETH 3,35%-ға арзандаған. Эфириумның нарықтағы капиталы – 444,6 млрд доллар.
Binance Coin (BNB) токені де бір тәулікте 1,87%-ға арзандады. Ол қазір шамамен 761 доллар тұрады. BNB-дің нарықтағы құны – шамамен 106,1 млрд доллар.
Есесіне сейсенбі күні Solana (SOL) валютасы күшейіп жатыр. Оның құны бүгін 3,89%-ға артты. Қазір SOL 198,6 доллар тұрады. Солананың нарықтағы құны 106,8 млрд доллар.