Доллар бір күнде 6 теңгеге қымбаттады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Доллар қайтадан қымбаттап жатыр Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

АҚШ доллары бір күнде 6 теңгеге қымбаттады. 23 шілдеде Қазақстан қор биржасында кешкі сауда-саттық нәтижесінде теңге/доллар жұбындағы орташа валюта бағамы 538,64 теңге болды.

Ал 22 шілде күні де теңге әлсіреп, АҚШ валютасы 4,83 теңгеге қымбаттаған еді. Осылайша, ұлттық валюта айтарлықтай құнсызданып, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы жаңа рекордтық деңгейге жетті.

Биржада 23 шілдедегі күндізгі сауда барысында доллар құны тіпті 540 теңгеден асқан. Жалпы сауд көлемі 270,9 млн долларды құрады.

Ал айырбастау пункттері көкқағазды 536 теңгеден сатып алып, халыққа 542 теңгеден сатып жатыр.

Сарапшылардың пікірінше, валюта бағамының өсуіне бірқатар ішкі және сыртқы факторлар әсер етіп отыр. Олардың қатарында мұнай бағасының құбылуы, ішкі инфляциялық қысым, импортқа тәуелділік және базалық мөлшерлеменің жоғары деңгейде сақталуы бар.

Сонымен қатар, шетел валютасына деген сұраныстың күрт артуы да теңгеге қысым тудырған. Freedom Broker мамандарының пікірінше, теңгенің құлдырауын тежеу үшін Ұлттық банк тарапынан араласу қажет болуы мүмкін. Алайда әзірге реттеуші орган валюта нарығына интервенция жасамаған.

Сондай-ақ оқыңыз