Бұйрықтың заңсыз екенін білмедік – әскериді өлтірді деп айыпталған сарбаз

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Әскеридің қазасынан кейін қамалған сарбаз сотта сөйледі/фото: kursiv.media

Жаркентте қаза тапқан әскери капитан Дархан Дәулет ісі бойынша сотталушы сарбаздар соттағы соңғы сөзін айтты. 

Жаркенттегі әскери қазасы

Дархан Дәулет Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылында 5 жыл қызмет еткен. 2024 жылдың қыркүйегінде Жаркентке инженерлік бөлімнің бастығы болып ауысқан. 2024 жылдың 13 қарашасынан 14 қарашасына қараған түні тәуліктік кезекшілікке түскен. 26 жастағы әскери сол түні қайтыс болған.

Сотталушылар қатарында 4 адам бар: майор Дархан Қазтай 1988 жылы туған, ал үш сарбаз – Нұрман Әбсадық, Бақберген Рустамұлы, Аят Шакир 19-20 жаста.

Бұйрықтың заңсыз екенін білмедік

«Мен командирдің берген бұйрығын орындадым. Командир берген бұйрығы салдарынан осындай жағдайға ұшырап отырмыз. Дархан Дәулеттің отбасынан, жақындарынан кешірім сұраймын. Бізге де оңай емес. Ешкімге оңай тиіп жатқан жоқ. Кімнің ішінде не жатқаны бір Аллаға аян. Біз мұны әдейі істеген жоқпыз, біз тек бұйрықты орындадық. Бұйрықтан артық не кем ештеңе істеген жоқпыз. Бізге жауыз адам ретінде емес, бұйрықты орындаушы сарбаз ретінде қарауларыңызды сұраймын», – деді сотталушы Бақберген Рустамұлы.

Айтуынша, сот процесі барысында қылмыстың мән-жайы ашылуына барынша көмек көрсеткен.

«Мен Дархан Қазтай берген бұйрықтың заңсыз екенін білмедім. Заңсыз екенін білсем, мүлдем жоламас едім, жол бермес едім. Айыптау актісінде жазылғандардың бір де біріне дәлел жоқ. «Марқұмды таныған» дейді. Ол кісінің келгеніне бірнеше ай болса, мен қайдан танимын? Солдаттармен тікелей жұмыс істемейді екен. Оқиға болған кезде де ол кісімен бетпе-бет келген жоқпын, тек артынан ғана көрдім. Адамды артынан қалай танып білемін? Алдын ала келісіп істеген дейді. Бізде қандай мақсат, қандай мотив бар? Арамызда ерегес болмаса, ол кісіге өкпеміз болмаса… әрине, бұйрықты орындадық», – дейді сотталушы.

Сотталушы Рустамұлы бұйрықтың заңсыз екенін білмегенін айтады.

Бұған дейін майор Дархан Қазтай соттағы соңғы сөзін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз