Алматы әуежайына апаратын басты көшенің бір бөлігі тағы да уақытша жабылады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Алматы әуежайына апаратын басты көшенің бір бөлігі тағы да уақытша жабылады
Алматы әуежайына апаратын басты көшенің бір бөлігі тағы да уақытша жабылады/Фото: shutterstock

Алматыдағы Майлин көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмысы жүргізілетініне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

1-КЕЗЕҢ: 22 шілде күні сағат 23:00-ден 23 шілде сағат 6:00-ге дейін қозғалыс ВАЗ айналма жолынан бастап Бұқтырма көшесіне дейін жабылады.

2-КЕЗЕҢ: 23 шілде күні сағат 23:00-ден 24 шілде сағат 6:00-ге дейін қозғалыс Бұқтырма көшесінен бастап ВАЗ айналма жолына дейін жабылады.

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым жетекшісінің байланыс деректері көрсетілген тақталар орнатылады. Әкімдік тұрғындарды маршрутты алдын ала жоспарлауға шақырады.

Майлин көшесінде көлі кқозғалысы бұған дейін де бірнеше рет шектелген.

Сондай-ақ оқыңыз