Көлік салығы қаншалықты арзандайды әрі ол қандай машинаға қатысты

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Көлік салығы қаншалықты арзандайды әрі ол қандай машинаға қатысты
Көлік салығы қаншалықты арзандайды әрі ол қандай машинаға қатысты/Фото: shutterstock

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа салық кодексіне сай, шыққанына 11-20 жыл болған көліктердің салығына 30% жеңілдік беріледі, 21 жылдан асқан машинаға жасалатын жеңілдік 50%-ды құрайды. Kolesa.kz редакциясы жаңашылдық сондай-ақ қозғалтқыш көлемі 3-4 литр болатын автомобильдердің қожайындарын қуантқалы тұрғанын жазды.

Елде 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелген, мотор көлемі 3 литрден асатын көлік иелері жоғары салық төлейді:

Салық салынатын объект Салық мөлшерлемесі (АЕК)
Қозғалтқыш көлеміне қарай бөлінген жеңіл көліктер: (текше  см): 
3000-3200 текше см35 (137 620 тг)
3200-3500 текше см46 (176 940 тг)
3500-4000 текше см66 (259 512 тг)
4000-5000 текше см130 (511 150 тг)
5000 текше см-ден жоғары200 (786 400 тг)

1 қаңтардан бастап бұл кесте төмендегідей өзгереді:

Салық салынатын объект Салық мөлшерлемесі (АЕК)
3000-4000 текше см15 (58 980 тг)
4000 текше см-ден жоғары117 (460 044 тг)

Яғни, ескірмеген немесе жаңа көлік салығы да төмендейді.

Мысалы, 2026 жылы 1 АЕК 4148 теңге болса, 2022 жылғы 4 литрлік Toyota Land Cruiser Prado үшін 66 АЕК (273 768 теңге) емес, 15 АЕК (62 220 теңге) салық төленеді. Бұл 4.4 есе аз.

Көлемі 5663 текше см V8-бен жүретін Lexus LX 570-тің иесі 834 241 теңге емес, 496 957 теңге төлейді.

Бұған дейін, салық кодексіне сай, 10 жылдан 20 жылға дейінгі автокөліктерге салық мөлшері 0,7 коэффициентімен,  20 жылдан асқан көліктерге 0,5 коэффициентімен есептелетінін жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз