Lenovo директорының қазасына күдіктінің бірі Әзербайжаннан экстрадицияланды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Lenovo директорының қазасына күдіктінің бірі Әзербайжаннан экстрадицияланды
Lenovo директорының қазасына күдіктінің бірі Әзербайжаннан экстрадицияланды/Фото: Instagram/Yermek, бильд-редактор: Артур Алескеров

Бас прокуратура адам өлтірді, қарақшылық жасады деген ауыр қылмыстарға күдікті ретінде танылып, іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Әзербайжаннан экстрадициялағанын хабарлады.

Әңгіме Lenovo компаниясының директоры Ермек Жақыпжановтың өліміне күдіктілердің бірі туралы болып отыр.

Ол былтыр қазан айында күдікті басқа адаммен топ болып, Жақыпжановты кездесуге алдап шығарып, оны есінен танғанға дейін ұрып-соғып, жалпы құны 40 млн теңгеге жуық мүлкін иемденіп, кейін Алматы қаласының сыртына алып шығып, өлтірген деген күдікке ілінген.

Сол кезде күдіктілердің бірі ізін суытпай ұсталса, екіншісі жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Күдікті 2025 жылғы қаңтарда Әзербайжан аумағында ұсталып, елге экстрадицияланып отыр. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалған.

Күдіктіге аталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сондай-ақ оқыңыз