
Голливуд жұлдызы, аты-аңызға айналған актер Брюс Уиллис деменция (маңдай-шекелік деменция) диагнозымен күресіп жатқанына бір жылдан асты. Алайда ауру асқындай түскен: жақындарының айтуынша актер жүруден, оқудан және сөйлеуден мүлде қалған.
70 жастағы Уиллис қазір зейнетте, отбасымен бірге тұрады. 2023 жылдың ақпанында оған аталған диагноз қойылған. Алғашқы мәлімдемелерде бұл дерт оның сөйлеу қабілетіне әсер еткені айтылған еді. Алайда кейінірек туыстары аурудың одан әлдеқайда ауыр екенін ашық жеткізді.
Актердің жары Эмма Хемминг-Уиллис диагноз қойылғаннан кейін дәрігерлер тарапынан ешқандай нақты нұсқаулық берілмегенін айтып, бар ақпаратты өз бетімен іздеуге мәжбүр болғанын жеткізді.
«Бізге диагноз қойды да, үйге қайтарды. Үміт те, бағыт та болған жоқ. Маған бәрін өзім шешуге тура келді», – дейді Эмма.
Қазір Брюс Уиллис жақындарымен тек ым-ишара және мимика арқылы ғана байланыс орната алады. Оның жағдайы ауырлаған сайын жанұясы барынша қолдау көрсетуге тырысуда: физикалық және когнитивтік жаттығулар жасатып, белсенді өмір сүру үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырып жүр.