
Әлемге әйгілі жасыл алып — Шрек мультфильмінің кейіпкері шын өмірде өмір сүрген адамнан алынған ба? Оның прототипі ретінде палуан, ерекше келбетімен, «Француз періштесі» деген лақап атпен танымал болған Морис Тийе.
Балалық шағы
Морис Тийе 1903 жылы 23 қазанда Ресейдің Орал өңірінде дүниеге келген. Әкесі теміржол инженері, анасы мұғалім болған. Бала күнінде Морис өте сымбатты болғаны соншалық — оны «періште» деп атаған. Алайда 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін анасы екеуі Францияға қоныс аударып, Реймс қаласына көшеді.
17 жасында Морис денесінде біртүрлі өзгерістерді байқай бастайды — аяқ-қолы мен басы ісініп, өзгеріске ұшырайды. 19 жасында оған сирек кездесетін акромегалия диагнозы қойылады. Бұл — гипофиз безіндегі ісікке байланысты өсу гормонының шамадан тыс бөлінуінен пайда болатын ауру.
Бұл ауру салдарынан адамның сүйектері мен жұмсақ тіндері шамадан тыс өсіп, бет-әлпеті де өзгеріп кетеді. Мористің бойы 175 см болғанымен, салмағы кейіннен 122 кг-ға дейін жеткен. Ең қатты өзгеріске ұшырағаны — бет пішіні.
Рестлингтегі мансабы
Морис Тийе жастайынан заң және әдебиет мамандықтары бойынша білім алған. Бірақ кейіннен рестлингке бет бұрып, 1940-жылдары Еуропа мен АҚШ-та танымал спортшыға айналады. Оның ерекше сырт келбеті мен мықты физикалық дайындығы көрермендерді таңғалдырған.

Мінезі мен ішкі әлемі
Морис Тийенің ерекше сырт келбеті иллюстратор Уильям Стейгке Шрек бейнесін жасауға шабыт берген. Көпшілік Мористі тек сырт келбетіне қарап бағаласа да, алып палуан жоғары интеллекті, бірнеше тілде еркін сөйлей алатын, сабырлы әрі мәдениетті адам болған. Қатал кейіптің артында — мейірімді жүрек пен терең ойлы жан жатқан.
Көптеген зерттеушілер мен фанаттар анимациялық Шрек кейіпкерінің сырт келбетінде дәл осы Морис Тийенің бейнесі бар екенін айтады. Шрек мультфильміндегі алыптың дөрекі, бірақ жүрегі таза мінезі де Мориске ұқсайды.
Айта кетейік, «Шрек» франшизасы мультфильмдер арасында ең көп «Оскар» алған анимациялық фильм. Бұған дейін «Шректің» 5 бөлімі қашан шығатынын жазған едік.