
Қазақстандық актер Берік Айтжанов 2025 жылғы Global OTT Awards халықаралық сыйлығының «Үздік актер» аталымына үміткер ретінде таңдалды. Айтжанов бұл номинацияға Salem Entertainment студиясы түсірген 4°C сериалының басты рөлі үшін енген.
Global OTT Awards — әлемнің әр түкпіріндегі үздік стриминг жобалар мен актерлік жұмыстарды марапаттайтын беделді халықаралық сыйлық. Марапаттау рәсімі 24 тамызда Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында, Busan International Film Festival аясында өтеді. Шараны Корея үкіметі мен Korea International Streaming Festival ұйымдастырып отыр.
Айтжанов бұл номинацияда Пак Бо-гом (GOOD BOY), Джу Джи-хун (The Trauma Code: Heroes on Call) және Бай Цзинтин (The First Frost) сынды танымал актерлермен қатар аталған.
Global OTT Awards 2025 шорт-листіне енуі — тек Айтжанов үшін емес, бүкіл қазақстандық кино мен сериал индустриясы үшін маңызды жетістік.
Еске сала кетейік, бұған дейін Берік Айтжановтың киноға түскені үшін қанша гонорар алатынын жазған едік.