
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан Instagram парақшасында Қайрат Нұртаспен бірге дуэт жазуға дайындалып жатқанын мәлімдеді.
«Қайрат Нұртаспен дуэт жазуға дайындалып жатырмын… Иә, өзім де сене алмай тұрмын. Өмірде түрлі рөлдерде болдым: ана, жар, кәсіпкер… Енді өнеріммен бөлісетін шақ туды», – деп жазды Мөлдір.
Мөлдір жазбасында оқырмандардан болашақ әннің қандай жанрда болғанын қалайтындарын сұрап, махаббат тақырыбы ма, әлде өмір туралы терең ойлар бола ма деген пікір білдірулерін өтінді.
Көпшілік Тұрсынбек Қабатовтың жары ретінде танылған Мөлдірдің шығармашылық жолына сәттілік тілеп, дуэтті асыға күтетінін жазуда.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова «Жаңа үйде, жаңа адаммен» деп елді ойландырған жазбамен бөліскен еді.