Қазақстан құрамасының қыздары таэквондодан Универсиадада қола жүлдеге ие болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстaн құрамасы таэквондодан қола жүлде алды / фото: olympic.kz

Германияның Рейн-Рур өңірінде өтіп жатқан XXXII жазғы Дүниежүзілік Универсиадада Қазақстанның қыздар құрамасы таэквондо спортынан командалық есепте қола жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Қазақстан атынан жарысқа қатысқан спортшылар:
– Айша Адильбекқызы
– Нұрай Хусаинова
– Мария Севостьянова

Жартылай финалда қазақстандық спортшылар Оңтүстік Корея құрамасынан жеңіліп, үшінші орынды қанағат тұтты. Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасының еншісінде 1 алтын және 7 қола медаль бар.

Айта кетейік, жазғы Универсиада 16 шілдеде басталып, 27 шілдеге дейін жалғасады. Турнирге Қазақстан атынан 76 спортшы қатысуда. Олар 12 спорт түрі бойынша ел намысын қорғап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз