Жаңалықтар

АҚШ Ауғанстаннан келген босқындарға көмек беру бағдарламасын тоқтатады

Фото: Bradley Secker/Global Look

АҚШ президенті Дональд Трамп ауған босқындарын АҚШ-қа көшірумен айналысатын Мемлекеттік департамент бөлімін қысқартпақшы. Бұл жайлы The Washington Post жазады.

Басылым мәліметінше, жұмысын тоқтатқан бағдарламала 250 мыңнан астам ауған азаматына көмек көрсету мақсатында құрылған. Босқындарды АҚШ-қа көшуін ұйымдастыруға бағытталған еді.

Енді АҚШ әскеріне көмектескен көптеген ауғандықтар елге қайтсақ, «Талибан» қозғалысы кек ала ма деп алаңдап отыр. Алайда Ақ үй бұл ақпаратты жоққа шығарып, Трамп әкімшілігі ауған азаматтарының тағдырына бейжай қарамайтынын мәлімдеді.

Дональд Трамп The Truth Social әлеуметтік желісінде Ауғанстаннан БАӘ-ге уақытша орналастырылған босқындарға көмектесуге тырысатынын жазған.

Еске салсақ, 2021 жылғы тамызда «Талибан» қозғалысы қарсылыққа тап болмай, Ауғанстанның бүкіл аумағын, соның ішінде ірі қалаларды басып алды. 15 тамыз күні олар ел астанасы Кабулға кірді. Былтыр АҚШ «Талибан» қозғалысын Ауғанстанның заңды билігі деп мойындамайтынын жариялаған еді.

Бұған дейін АҚШ Сенаты АҚШ Сенаты USAID пен БАҚ-қа бөлінетін қаржыны 9 млрд долларға қысқартқанын жазғанбыз.