Корея президенті Тоқаевты еліне шақырды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңмен телефон арқылы сөйлесті. Әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаевты Кореяға ресми сапармен келуге шақырды.

«Мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың барлық бағыты бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасты. Сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты жандандыруға ниет білдірді», – деп хабарлайды Ақордадан.

Тараптар өнеркәсіп, энергетика, машина жасау, білім беру және медицина салаларында қолға алынған әрі перспективті жобаларды тиімді жүзеге асырудың маңызын атап өтті.

Ли Чжэ Мёң Қазақстан Президентін Корея Республикасына ресми сапармен келуге шақырды. Өз кезегінде Тоқаев шақыруды қабыл алып, келесі жылы Сеулде өтетін «Орталық Азия – Корея Республикасы» форматындағы саммитке қатысатынын мәлімдеді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронмен хабарласып, Француз Республикасының ұлттық мерекесі – Бастилияны алу күнімен құттықтаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз