Теңге әлсіреп, доллар курсы 540-қа дейін жетті

Жарияланды 23 Шілде 2025 12:35

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Доллар бағамы 540 теңгеге дейін жетті / фото: Kursiv Media, Дәурен Ерболатов

23 шілдеде теңге бағамы ары қарай әлсіреп, долларға шаққанда курс бағамы 538,9 теңгеге жетті. 22 шілдемен салыстырғанда ұлттық валюта бірден 4-5 теңгеге арзандап, антирекорд орнатты.

Бұған дейін 17 шілдеде доллар бағамы 533 теңгеге дейін нығайған еді. Ал кеше ресми бағам бойынша теңге курсы 531 теңгеден, ал айырбастау пункттерінде 533-534 теңгеге сатылған еді.

Ал айырбастау пункттерінде америкалық валюта бағамы 539,5-540 теңгеден саудаланып жатыр.

Астанадағы пункттерде долларды сатып алу 534-536 теңгеден, ал сату 540-543 теңгеден тіркелді.

Астанада айырбастау пункттері / Фото: Kursiv Media, Дәурен Ерболатов
Астанада айырбастау пункттері / Фото: Kursiv Media, Дәурен Ерболатов

Теңге бағамының 540-қа дейін жететіні туралы бұған премьер-министр Олжас Бектенов айтқан . Үкімет отырысынан кейінгі жиында ол 2026 жылғы бюджетті жоспарлағанда  доллар курсы 540 теңге, мұнай баррелі 60 доллар деп есептелді деген еді. Премьер-министр бағам нарықтағы жағдайға қарай қалыптасады, теңге күрт құнсызданбайды деп уәде берген.

Сондай-ақ оқыңыз