Қазақстан мен Қытай шекарасында жүргізушісіз жүк көліктері қатынайтын болады

Қазақстан мен Қытай шекарасында жүргізушісіз жүк көліктері қатынамақ. «Бақты» – «Покиту» шекаралық өткізу бекетінде «Ақылды кеден» пилоттық жобасы іске қосылды.
Екі ел арасындағы шекарада алғаш рет жүргізушісіз жүк көліктері көліктері сынақтан өткізіледі – олар шекараны автоматты түрде кесіп өтеді. Жоба барлық рәсімдерді цифрландыруға және тауар айналымын жеделдетуге бағытталған.
Жобаның негізгі ерекшеліктері:
- Қос тарап мойындаған бірыңғай электронды декларация
- Қолмен жасауды барынша азайта отырып тәулік бойы жүк қозғалысын қамтамасыз ету
- Барлық рәсімдер цифрлық форматта
- Автоматтандырылған бақылау және навигация енгізіледі
Күтілетін нәтиже:
- жүк ағыны жылына 10 млн тоннаға дейін ұлғаяды
- рәсімдеу уақыты мен шығындар азаяды
- логистикалық хабтар дамиды
- ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты артады
Бұл бастама ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев пен Қытайдың Тачэн қалалық партия комитетінің хатшысы Чжи Сяньвэй арасындағы кездесудің нәтижесінде жүзеге асты. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстан мен Қытай жаңа темір жол дәлізін ашу мәселесі талқыланған болатын.