Apple 2027 жылға қарай кемі алты жаңа iPhone шығаруды көздеп отыр

Жарияланды 23 Шілде 2025 10:46

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
айфон в китае
Компания жаңа iPhone құрылғыларын екі кезеңмен шығаруды жоспарлап отыр / Фото: Shutterstock

Apple 2027 жылы кемінде алты жаңа iPhone моделін ұсынуы мүмкін. Бұл жайында Қытайдың Weibo әлеуметтік желісіндегі сенімді инсайдер (Instant Digital) хабарлады.

Оның мәліметінше, компания жаңа iPhone құрылғыларын екі кезеңмен шығаруды жоспарлап отыр. Көктемде базалық iPhone 18 және iPhone 18e жарық көреді, ал күзде – флагмандық iPhone 18 Pro, iPhone 18 Pro Max және алғашқы бүктелетін iPhone таныстырылады.

Сол уақытқа дейін Apple бұрынғы модельдердің бірқатарын сатуды жалғастыратыны анық. Саудада iPhone 17, iPhone 17 Air, сондай-ақ 2026 жылғы желінің құрылғылары қала бермек. Осылайша, 2027 жылдың ортасына қарай сатылымда бұрын-соңды болмаған жаңа модельдер болуы мүмкін.

2027 жылы күтілетін iPhone модельдері:

  • iPhone 18e 
  • iPhone 18 
  • iPhone 18 Air 
  • iPhone 18 Pro 
  • iPhone 18 Pro Max 
  • Алғашқы бүктелетін iPhone 

Егер компания қазіргі тәжірибесін жалғастырып, iPhone 15 және iPhone 16 желісін сатылымда ұстаса, 2027 жылы тұтынушылар тарихтағы ең ауқымды iPhone таңдауына ие болады.

Еске салсақ, Apple компаниясы 2026 жылдың алғашқы жартысында MacBook Pro, арзан iPhone 17e және iPad шығаруды көздеп отыр

Ал iPhone 17 Pro Max флагмандық моделі Apple смартфондарының ішінде ең сыйымдылығы жоғары аккумулятормен жабдықталады. Оның батареясының сыйымдылығы шамамен 5000 мА сағат болады.

Сондай-ақ оқыңыз