Әкімдікте болған төбелестен бір адам жарақат алды

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігі ғимаратының ішінде екі адам бірімен-бірі сөзге келіп төбелескен. Олардың бірі аудан әкімдігінде келісімшартпен жұмыс істеп жүрген. Екіншісі – аудан тұрғыны, жұмыссыз. Әкімдіктің дерегінше, оқиға 21 шілде күні таңертең болған.
«Аталған тұлғалар мемлекеттік қызметшілер болып табылмайды. Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде» делінген Келес ауданы әкімдігінің Kursiv.Media-ға жіберген хабарламасында.
Төбелескендер таныс болған. Әзірге екі адамның арасындағы төбелес себебі
белгісіз, оны кім қалай бастағаны беймәлім.
Полиция оқиғаға қатысты ақпарат бермеді.
Бейресми ақпаратқа қарағанда, төбелес кезінде бір адам жарақат алған. Келес аудандық ауруханасы науқастың құқығына байланысты бұл туралы ақпарат беруден бас тартты.