Алматыда дабыл қағылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алматыда дабыл қағылды/фото: kursiv.media

Алматыда дабыл қағылды. Сондай-ақ қала тұрғындарына құлақтандыру хабарламалары жіберілген.

«Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті Алматы қаласы азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіп жатыр. Сабыр сақтауды сұраймыз», делінген хабарламада.

Қала құрғындарына хабарлама келді

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі 23-24 шілдеде республикалық «Жер-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтетінін хабарлады. Оның барысында зілзала кезіндегі әрекеттер пысықталады. Тоғыз өңірде дабыл қағылады.

Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында «Баршаның назарына!» сирена-сөйлеу құрылғылары іске қосылатыны айтылды.

Сондай-ақ оқыңыз