Министр 2025-2026 оқу жылы қай күні басталатынын айтты

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Министр 2025-2026 оқу жылы қай күні басталатынын хабарлады
Министр 2025-2026 оқу жылы қай күні басталатынын айтты/Фото: KursivMedia

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биылғы оқу жылы 2 қыркүйек күні басталатынын мәлім етті.

Министр мұның себебін 1 қыркүйек жылда жексенбіге түсетінімен түсіндірдірді. Алайда биыл 1 қыркүйек дүйсенбіге сәйкес келіп тұр. Десе де 2025 жылғы демалыс күнтізбесінде 1 қыркүйек қызылмен белгіленген. Ол 30 тамыз Конституция күні сенбіге келіп, ол күнгі демалыс дүйсенбіге жылжытылуымен байланысты.

Министр педагогикалық кеңес шешімімен символикалық маңызы болғандықтан, 1-сынып оқушылары үшін сабақты 1 қыркүйекте бастауға рұқсат етілгенін жеткізді. Оны мектеп ана-аналармен келісе отырып шешеді.

Бұған дейін, балабақшаға бармаған 65 мың бала тамызда 1-сыныпқа даярлық курсынан өтетінін хабарлағанбыз. Оның аясында балалардың физикалық, коммуникативтік, зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын дамытуға, сондай-ақ мектепке деген оң көзқарас қалыптастыруға баса назар аударылмақ.

Сондай-ақ оқыңыз