Дәрігерлерге қол көтергендер 15 жылға сотталуы мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкіметтегі баспасөз конференциясында медицина қызметкерлерін қорғауға арналған заңға қандай өзгерістер енетінін айтты.
Министрдің сөзінше, аталған мақсатта қылмыстық кодекске бас бостандығын шектеуден айыруға дейінгі шараларды қамтитын жаңа 158-1 бап енгізу туралы бастама көтерілген.
«Егер зорлық-зомбылық жасау қаупі тіркелсе, бұл үшін 2 жылға дейін бостандығын шектеу жазасы көзделеді. Ал егер бір дәрігерге немесе медицина қызметкеріне қатысты зорлық-зомбылық жасалса, 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады, ал шабуыл төтенше жағдай кезінде болса, 10 жылға соттау ұсынылуда. Бірнеше медицина қызметкеріне қатысты қауіп төндірген жағдайда 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деді министрді.
Кейінгі кезде медицина қызметкерлеріне күш қолдану, оларды соққыға жығу жағдайлары жиілеген. Мәселен, 17 шілде күні Қостанай облыстық ауруханасында операциядан шыққан хирургті емделуші соққыға жығып, дәрігер ауыр халде реанимация бөліміне түскен.
Ал Қарағандыда балалар ауруханасының екі дәрігеріне емделуші дене жарақаттарын келтірген.
2024 жылдың желтоқсан айында жедел жәрдем көлігімен көмекке келген фельдшер Әнел Баймұрзина соққыға жығылып, миы шайқалып, түрлі жарақттар алған.
Осында резонанстық оқиғалардан кейін президент медицина қызметкерлерін қорғау мақсатында заңды қатаңдатуды тапсырған.