ІІМ алкогольді арнайы дүкендерде ғана сатуды ұсынды

Жарияланды 24 Шілде 2025 18:33

Меліс Сейдахметов

Меліс Сейдахметов

General news бөлімінің тілшісі m.seidakhmetov@kursiv.media
ІІМ алкогольді арнайы дүкендерде ғана сатуды ұсынды
ІІМ алкогольді арнайы дүкендерде ғана сатуды ұсынды/Фото: shutterstock

Құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында алкогольге тәуелділіктің қаупі талқыланды, деп хабарлады Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қоғамдық орындарда алкоголь ішуге қатысты 107 мың құқықбұзушылықтың жолы кесіліп, 11 мың адамға алкоголь қолдануға тыйым салынған.

«Қоғамда ішімдікке төзбеуді қалыптастыруға жұртшылық тартылуда. Қазіргі таңда 402 елді мекен алкогольден бас тартты», – деген ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Жиында маскүнемдік мәселесін шешу кешенді тәсілді талап ететіні айтылған.

Биыл полиция алкоголь айналымы саласында 7 мыңға жуық заңбұзушылықтың жолын кескен. Кәсіпкерлік субъектілеріне 370 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 2 252 нысан лицензиясынан айырылған.

Алайда кейбір кәсіпкерлер лицензияны басқа тұлғалардың атына рәсімдеп немесе бар атын жамылып, тәулік бойы алкоголь сатуын жалғастыра береді. Осыны ескерген ІІМ лицензия беруге қойылатын талаптарды күшейту, алкоголь өнімдерін тек жұмыс уақытында шектеулі арнайы дүкендерде сатуды қарастыру туралы ұсыныс білдірген.

Бұған дейін, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тәтті сусындар алкоголь және темекі өнімдерінің бағасын 2035 жылға дейін 50%-ға көтеруге шақырған. Ұйым осының арқасында қант диабеті, жүрек аурулары мен қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді азайтуға болады деп санайды.

Сондай-ақ оқыңыз