
Ninety One тобының мүшесі, АCE (Эйс) лақап атымен танымал Азамат Ашмақын өзінің сүйіктісімен бірге түскен видеоны алғаш рет әлеуметтік желіде жариялады. Бейнежазбада сезімге толы сөздер айтып, жұртшылықты махаббат пен жарыққа толы өмір сүруге шақырды.
Оны алғаш көрген сәт әлі есімде. Дәл сол күні менің өмірім өзгерді. Менің өміріме тыныштық пен жарық алып келді. Баршаңызға осындай ерекше сезімді бастан кешіруді тілеймін. Жарық, махаббатқа толы өмір кешіңіздер. Бақытты болыңыздар. Баршаңызға бақыт тілеп келдім, енді кезек маған келген сияқты, – деп жазды әнші.
Арудың есімі — Нұрила Шакирова. Instagram парақшасында продюсер деп көрсетілген. Желі қолданушылары әншіге жүрекжарды тілектерін жаудырып, жас жұпқа бақыт тілеп жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін ұзақ үзілістен кейін Ninety One тобы тыңдармандарымен қайта қауышқанын жазған едік.