Тамыз айында қанша күн демаламыз

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тамыз айында қанша күн демаламыз
Тамыз айында қанша күн демаламыз / фото: архив kursiv.media

Тамыз айында Қазақстанда бір ғана ресми мереке бар. Ол 30 тамыз Конституция күні. Биыл бұл күн сенбіге сәйкес келіп отыр. Еңбек кодексіне сәйкес, егер мемлекеттік мереке демалыс күніне келсе, онда демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Осылайша, 30 тамыз сенбіге түскендіктен, 1 қыркүйек, дүйсенбі күні демалыс болады.

Нәтижесінде қазақстандықтар 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек күндері, яғни үш күн қатарынан демалады.

Сонымен қатар ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2025–2026 жаңа оқу жылының 2 қыркүйекте басталатынын мәлімдеді. Министрдің айтуынша, бұл шешім 1 қыркүйек демалыс күніне ауысына байланысты қабылданған.

Сондай-ақ оқыңыз