Қайрат Итемгеновтің үлесі бар ресейлік компания AIX-те делистинг жасады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қайрат Итемгенов / Фото: коллаж Kursiv Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Астана қаржы орталығы (AIX) ресейлік Globaltrans компаниясының жаһандық депозитарлық қолхаттарына (GDR) делистинг жасауды мақұлдады. Бұл жайлы компания сайтында жарияланған. Компанияда қазақстандық кәсіпкер Қайрат Итемгеновтің үлесі бар.

Делистинг яғни депозитарлық қолхаттарды AIX ресми тізімінен шығару осы жылдың 21 тамызынан бастап күшіне енеді. Ал 4 тамыздан бастап ол қағаздармен сауда жасау тоқтайды.

Globaltrans – Ресей мен ТМД елдерінде теміржол арқылы жүк тасымалдаумен айналысатын компания. 2004 жылы құрылған, штаб-пәтері Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында орналасқан, ал операциялық кеңсесі Мәскеуде (Ресей) жұмыс істейді.

Қайрат ИтемгеновAqniet Group бақылау кеңесінің төрағасы әрі негізгі акционері. Бұл топ Europharma және ArzanPharm брендтерімен танымал дәріханалар желісін басқарады. Сондай-ақ Мәскеудегі Mövenpick және Pana қонақүйлерінің, Алматыдағы Novotel Living және Ibis Style қонақүй кешендерінің иесі.

Итемгенов Globaltrans компаниясының 26,7% акциясына иелік етеді.
Сондай-ақ ресейлік компанияның 11,5% акциясы Marigold Investments Ltd компаниясына тиесілі, оның бенефициары — Globaltrans компаниясының тең құрылтайшысы Андрей Филатов.

Былтыр Globaltrans компаниясы Мәскеу биржасынан делистинг жасауға өтінім берген еді. Компания бағалы қағаздары Астана халықаралық биржасына орналастыруға дайындалған.

2024 жылдың ақпан айында Aqniet Group Meloman-Marwin компаниясын Дериглазовтар ағайындыларынан сатып алды.

Сондай-ақ оқыңыз