Ресей тоңазытқыш деп жасырып, Қытайдан дрондар сатып алып жатыр

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: shutterstock

Ресей шабуылдаушы дрондар үшін Қытайдан бөлшектер сатып алып жатыр. Бірақ құжаттарда оны «өндірістік тоңазытқыш қондырғылары» деп жасырын көрсеткен. Бұл туралы еуропалық арнайы қызмет өкілдеріне сілтеме жасап Reuters жазады.

Келісім-шарттар мен кедендік құжаттарды тексерген журналистер мәліметінше, Қытайдан келген бөлшектер алдымен Мәскеуге апарады. Ол жерден «Купол» атты ресейлік қорғаныс кәсіпорны орналасқан Ижевск қаласына жеткізеді. Еуропалық арнайы қызмет нақтылауынша, құжаттарда тоңазытқыш бөлшектері деп көрсету арқылы Ресей-Қытай шекарасынан тексеріссіз өткен.

Reuters зерттеушілеріне «Куполдың» ішкі құжаттарын тексерудің сәті түскен. Онда кәсіпорынның Ресей Қорғаныс министрлігімен осы жылы 6000 дрон шығаруға келіскені жазылған. Салыстыру үшін 2024 жылы «Купол» 2000 дрон жасап шығарған еді.

Украиналық әскери барлау мәліметінше, ол дрондарды Украинаның шалғай мекендерінде орналасқан әскери және азаматтық нысандарды атқылау үшін қолданады. Ресей ай сайын осындай 500 дронды пайдаланады дейді ресми Киев.

Соққы жасайтын дрондар – Ресей мен Украина арасындағы соғыстағы басты техниканың бірі. Бірінші маусымда Украина әскерилері «Өрмек» операциясын жүзеге асырды. Дрондар көмегімен  Ресейдің бірнеше әскери аэродромына соққы жасады.

Ресейде осылай Украинаның Харьков пен Запорожье облыстарында әскери коммиссариаттарға дронмен шабуылдаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз