Илон Масктің саяси мансабы бизнеске кері әсер етіп, Tesla саудасы құлдырады

Жарияланды 24 Шілде 2025 09:53

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
tesla
фото: Tesla.com

Илон Масктің саясаттағы мансабы бизнесіне кері әсерін тигізді. Алты ай бойы Tesla автокөліктерінің саудасы төмендеп жатыр. Екінші тоқсанда жарияланған қаржылай есепке сүйенсек, компания машина жеткізуді 13%-ға азайтқан. Бұл соңғы жылдардағы ең сәтсіз қаржылай есеп болды деп жазады Bloomberg сарапшылары.

Электромобильден бөлек энергия өндіру және сақтаумен айналысатын Tesla Energy-дың да түсімі азайған. Бірақ қуаттау бекеттерінің көбірек ашылуы есебінен ғана компания саудасында аздаған өсім тіркелді.

Жалпы Teslа-ның жалпы түсімі 12%-ға арзандап, 22,5 млрд долларды құрады. Бұған дейін сарапшылар 22,74 млрд доллар көрсетеді деп болжаған еді. Екінші тоқсанда компанияның таза пайдасы 1,17 млрд долларды құрады. Бір жыл бұрын көрсеткіш 1,4 млрд долларға тең болған еді.

Қаржылай есепті жариялағаннан кейін, компания акциялары тағы 3%-ға төмендеп, 322,8 доллардан саудаланды.

Саясат не бизнес

Сарапшылар мұндай сәтсіздікке компания бас директоры Илон Масктің саясаттағы белсенділігі, Дональд Трамптың сайлау кампаниясына қолдау білдіргені себеп деп отыр. Масктің Ақ үйдегі қызметі Tesla-ны жақтайтын солшыл аудиторияның наразылығын туғызды. Германиядағы солшыл, антимиграциялық AfD партиясын жақтағаннан кейін де Еуропада Tesla-ға қарсы акциялар жүріп өткен еді.

Миллиардер Трамптың командасына кіріп, үкіметтің қаржылық деректерін зерттеуге кірісті. USAID (АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі) бюджеті мен федералды қызметкерлерді жаппай қысқарта бастады.

Оның жұмыс стиліне көпшілігі қарсы болып, инвесторлар бизнестен алыстап кеткеніне алаңдады. Осыдан кейін Маск Ақ үйден кетеді деген қауесет тарады.

Мамырда ол жұмысын тоқтататынын хабарлады, бірақ Трампен арасы да бұзылды. Президент өзі шақырған Масктің жұмысын тексеру керек деп мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз